ҚР Қорғаныс вице-министрі Талғат Мұхтаров мәжіліс депутатының сауалына ресми тілде жауап қайтарғаны үшін өзінің қатты өкінетінін айтты. ҚР Қорғаныс вице-министрі Талғат Мұхтаровтың айтуынша, ол мұндай саяси қателікті өзінің елгезектігінің кесірінен жіберіп отыр. "Мен мәжіліс отырысы кезінде депутат Киянскийдің сауалының синхронды аудармасын тыңдап тұрған едім. Содан автоматты түрде ресми-орыс тілінде жауап қайырдым. Артнан өзімнің бұл әрекетімнің дұрыс емес екендігін түсініп, қатты өкіндім",-дейді Т. Мұхтаров мырза. Еске сала кетсек, өткен сәрсенбі күні ҚР қорғаныс вице-министрі Талғат Мұхтаров мәжіліс отырысы кезінде "Бітімгершілік және бейбітшілік қағидалары" тақырыбында ресми тілде баяндама жасаған. Баяндама соңында, мәжіліс депутаты Виктор Киянский мырза Талғат Мұхтаровқа мемлекеттік тілде сұрақ жолдаған. Алайда Талғат Мұхтаров депутан сауалына автоматты түрде ресми тілде жауап қайырған. Вице-министрдің бұл әрекеті депутат Виктор Киянский мен журналистердің шамына тиген. Осы оқиғадан кейін, парламент ғимаратында журналистерге сұхбат берген вице-министр өзінің бұл жауапсыздығы үшін жауап берген. Нұрзат Тоғжан "Қамшы" сілтейді